Адам- жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалы дүние не дейсіз ғой? Қымбат көлік, бағалы дүние, кең сарайдай үй, ақша, өмір бойы қалталы азамат болып өту, мүмкін, мансап шығар...Жоқ, адам өміріндегі басты байлық – оның Өмірі мен Денсаулығы. Өміріңді қалдырып, денсаулығыңды алса, адам болудан қаласың. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Халық айтпай ма, «Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деп.
Тұңғыш Президенттің бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Нұрсұлтан Назарбаев –данышпан, кемеңгер, мықты саясаткер адам. 130-дан көп ұлтты бір шаңырақтың астына біріктері алды. Елеп атап кететініміз, қазақтың көненің көзіндей боп келе жатқан салт-дәстүрін құртпай, оларды жаңғыртты. Кешегі тойлаған 22 Наурыз мейрамының да қазақ даласына оралуы кемеңгер Нұрсұлтан атамыздың еңбегі. Түн ұйқысын төрт бөліп, ойлағыны халқының қамы, елінің болашағы болды. Ол Қазақстанды бар әлемге танытып, дәлелдеп кетті.