Өзіңіз қалаған мамандықты таңдаңыз!Сонда ғана бақытты бола аласыз.
«Кітап атаулы дос бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін зиялы бола бастадым деп санауына болады» деген екен заңғар жазушы Мұхтар Әуезов
Қазақстанның мемлекеттік тілі –қазақ тілі. Тұңғыш Призидентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты.
Жас ұлғайғанда адамды әрқилы дерт иектей бастайды екен. Кесел одан бұрын да келуі мүмкін. Сол, тарпа жабысқан беті, алып та кетуі мүмкін. Бірақ мен ғұмырымда ауырып-сырқап көрмеген едім. Шаншу-қаңқу, тымау-сымау, әрине, есеп емес. Ешқашан емханаға жатпаппын, арнайы қаралып, атаулы ем-дом алмаппын.
Желтөбенің етегіндегі ауылға енді жақындай бергенде барып байқады — батар күн құлақтанып тұр екен. Таяқ жеген қатынның көзіндей талаурап алыпты. Шашып тұрған сәулесі де ақ теңбіл, көк теңбіл, сары теңбіл боп әлемтапырықтанып кетіпті.
— Ex... ex... ей... ей. Кім барсың... Шық... бері... Жар-жағалаудың маңы күңіреніп кетті. Бытыра оқ тигендей шұрқ-шұрқ тесік ұяларды айнала ұшқан құстар ұлан-азар шу көтерді. Кинофильмдегі көретін құс базарынан аусайшы.