Мүкей мен Жайыр жортуылда жүріп бір байдың қыз ұзату тойына қатынасып қалады. олар өздерінің атын-жөнін құпия сақтап, отау үйінде болып жатқан жастардың сауығына кіреді.
Кәдірәлінің ұстазы атақты күйші Қазанғап қасына ерген шәкірттеріне тек күй үйретіп қана қоймайды, оларды басқа ауылдың домбырашыларымен тартысқа шығарып, қандай жағдайларда қарсыласын жеңуге болатынын айтып, үнемі баулып отырады.
Елбасымыздың Болашаққа бағдар атты мақаласынан ой түйе келе өзімізді рухани жағынан жаңғыртуымыз керек екен. Себебі Қазақстан саяси және экономикалық жағынан дамып келе жатқанымен рухани жағынан дамуы қолға алынбай келе жатқан маңызды істердің бірі болып табылады. Басқа елдердің көз алдымызда дамып келе жатқаны бәріне беймәлім. Біздің еліміз де жоғары деңгейде көрінуге тиісті. Бұл мақсат бойынша:Н.Ә. Назарбаев бізге мақала ұсынып, дамушы елдің тарихын насихаттайтын жобаны жастардың санасына елдің басты негізі ретінде жеткізу. Читать дальше...
...Сейтек нағашысы Дәулетиярдың сыйға берген іңгеншесіне мініп ауылына қайтқанда, жолшыбай жанында бір топ шабармандары бар Арсыланкерей кездесіп, Сейтектің астындағы іңгеншені тартып алады. Соны кек сақтап қалған Сейтек жанына Сахаманды ертіп барымтаға аттанады. Төре Арсыланкерейдің жайылыста жүрген бір үйір жылқысынан екі семіз атты алып келеді де, іңгеншенің құны үшін деп кедейлерге сойып береді. Осыны сылтау еткен төрелер енді Сейтектің соңына шырақ алып түседі.
Сейтек қалмақ елін аралап жүріп, бір үйге түседі. Үй ішінде бес қыз үйді басына көтеріп, әңгіме-дүкен құрып отыр екен. Келген қонақтың домбырасы бар екенін көргенде: «Сіз күй тартыңыз, біз билейік» деп қолқа салады.
Жайық бойында отыратын дәулеті шалқып, ырысы артқан Байғұмар деген кісінің домбыра шертіп, күй шығарып аты шыққан ақылы мен сымбаты сәйкескен Айша деген өзі зерек, өзі сұлу қызы болған екен.
Сейтек Элиста маңындағы қалмақ ауылдарында да болып, күйшінің өзі айтпақшы, бірнеше би күйлерін үйреніп қайтады. Астрахань губерниясынан қайтар жолда екеуі бір ауылға тап болады. Төбелері көрінгеннен алдарынан шығып, бұларды аттан түсіріп, аяқтарын жерге тигізбей оқшау тігілген айдынды ақ отауға алып келеді.