Пар ат жеккен пәуескедегі жолаушылардың Семейден шыққанына бүгін екінші күн. Пәуескеде үш адам. Бір еркек, бір әйел және бес-алты жас шамасындағы ұл бала. Қара елтірі тымақты бала әйелге тығылып, ұйықтап отыр. Басына ақ бөртпе шәлі ораған, қара көк камзол киген бидай өңді, тығыршықтай жас әйел баланы бауырына тартып, сол қолымен қаусырып алған.
— Қасқыр ішігімді қағып- сілкіп, жолға дайындап қойшы — деп, әйеліне әмір еткен Аспанқұл, ескі бесатарынының шақпағын майлап болғасын, орнынан тұрған." О, жазған-ау, күннің райы болса мынау, бұл қайда барады екен? Жалғыз өзі..." — деп іштей ойлаған келіншегі.
парасатты мектеп-болашақ мектеп
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тікелей эфир барысында биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу қашан өтетінін айтты.
Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін мектеп, колледж, университеттер қашықтан жұмыс істеуін жалғастыра береді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов тікелей эфир барысында мәлім етті.
Адам көп жиналатын басқа да орындар әзірге жабық болады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде аталып өтті.