Балалар ойнап жүріп, жұмыртқадай бір нәрсе тауып алады. Ортасында бидай сызығындай сызығы бар. Тұрпаты нақ бидайдай.
— Менің анамды көрдіңіз бе? Ол қорғансыз болатын. Одан әкем мені тартып алып, қаңғытып жіберіпті, Қазақстанда деп естіп іздеп келемін, — деді бозбала.
— Нұрила, а, Нұрила!, — деп қонақ бөлмеден шақырған ақсақалының дауысынан асханада кесе-шәйнегін жинастырып жүрген кейуана селк ете түсті. Қолындағы ыдысты қоя салып, қабырғалас бөлмеге емпеңдей ұмтылды. — Не болды, жазған-ау, сонша айқайлап, шошып кеттім ғой!, — деп алшалғышына қолын жүре сүртіп есіктен көрінді.Басында оюлатқан қазақы тақия, түйе жүн жеңсізінің өңірі екі жаққа жайылып кеткен қария жазу үстеліне облыстық газетті айқара ашып салып бар ынтасымен төніп тұрды. Бәйбішесі жанына жақындап... Читать дальше...
22-наурызда Күн мен түн теңесіп, ағаш бүршіктеп, төрт түлік мал төлдейтін, аң-құстың тұқымы өрбіп, ұлы табиғат жаңаратын жыл басы келгенде інінен төрт тышқан атып шықты. Үлкен біреуі — Ата тышқан, екіншісі — Ана тышқан. Тағы екеуі — балалары болатын. Қырдың үстіне шығып Ата тышқан жар салды:
Бекзат ағам керуендей созылған ақбас Алатаудың шыңдарына сүйсіне қарап отыр екен. Әлгінде ғана күн көкжиекке шым батып, құбыла бет өрттей алауланып тұр еді, енді реңі солғындана бастапты. Бет қаратпас дөңгелек шоқ-бақыр күн ұясына жартыкештене батып, таулы беттен аңызақ жел ескен.
Ойыншықтай ғана қызыл машина иінтірескен көліктердің арасынан сынаптай сырғи кеп, бұрылатын белгісін қосты да солға қарай ыңғайланды. Рульдегі көзі боталаған әдемі келіншек алдындағы пикапқа тұмсығын тірей тежегішті басты. Сүйріктей саусақтарын кербездене көтеріп, маңдайындағы күн қағарды түсірді де айнаға сүзіле қадалды. Басын оңға, солға қиқайтып, жұмыстан кейінгі талыққан қарашығы мен көзінің аясына үңіліп, бет-жүзін бажайлады.
Қашықтықтан оқытуда бастауыш сыныптарына ағылшын тілі пәнінен тиімді грамматикалық жаттығулар жинағы
Математиканы оқытудың негізгі мақсаттарының бірі адамның ойлау, ой тұжырымдау, абстрактілі нысандармен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту екендігін көрсету.
Академик Қалтай Қарабалин аяқ астнынан ауырып қалды. Ол көп шәкірт тәрбиелеген белгілі микробиолог еді. Дене қызуы көтеріліп, бойы ауыр тартты. Тамақ жұтуы қиындады. Тоқсанға келген жасы бар.
Уфа губерниясында Ілияс деген башқұрт өмір сүреді. Ілиястың әкесі бай емес еді. Ілиясты үйлендірген соң бір жылдан кейін қайтыс болады. Сол кезде Ілиястың қолында 7 бие, 2 сиыр, 20 қой қалады. Ілияс шаруа болатын, әйелі екеуі күн демей, түн демей жұмыс істейді, ерте тұрып кеш жатады, мал-мүлік сатып алады, жылдан жылға байиды. Ілияс еңбегімен тырбынып жүріп 35 жыл өмір сүреді, үлкен байлық жинайды.
Қашықтықтан оқыту – оқушы мен мен мұғалім алыстан немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.