Карантинге байланысты "Үйде бол" ұранымен студенттердің ғылыми жұмыстармен айналысуы
Мен университеттің есігін айқара ашқан күннен бастап, мені жаңа әлем, жаңа адамдар, жаңа достар күтіп тұрғанын оған қоса мойнымда үлкен жауапкершіліктің барын сезіндім. Өйткені осындай заңғар университеттің студенті атану әркімге бұйыра бермес бақ деп білемін. Мен Орымбай Қымбат Бақытқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің дүниежүзі тарихы кафедрасының 2- курс магистрантымын.
Қабыршақ мұз қанатын жапқан әуе лайнерінің борт-жолсерік қызы қолындағы дөңгелекті қара чемоданын бір бөлмелі үйдің кіре берісіндегі босаға түбіне жеткізіп, бірақ тоқтатты. Босаға да бұл чемоданның үйреншікті орны еді. Жалғызбасты жолсерік күн мен түннің кез келген уақытында бір киерін қара чемоданға апыл-құпыл атып ұрып, дырылдатып ала жөнелетін.
Шөмішбай қарт орнынан тұрып, дәретін алды, намазын оқып болып, үйден қозы көш жердегі қауындыққа беттеді. Шелектей-шелектей ақ торламалар мәнтінен үзіліп, арық ішінде домаланып жатыр екен. Бес-алты басыпалдыны ит жеп, жегенімен қоймай пәйкелді шошқа аунағандай майқамдап тастапты. Қарт күйіп кетті.