Тұла бойы тарихқа тұнған еліміздегі ең үздік жоғары оқу орындарының бірі әрі бірегейі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті бүгінде алдыңғы қатарлы оқу орны болып табылады. Университетіміз еліміздің барлық жоғары оқу орындарының жүйелі тірегі, ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген таусылмас білім ордасы.
Өмірдің сан түрлі тарауы бар. Бірде ұзын жолға шыққанымда поезда кездескен бір қазақ қызы өз өмірінен сыр шертіп еді. Жүректі толқытар сыр екен, мұң екен деп жазғаным еді бұл. Әңгіме еліміз тәуелсіздік алған тұстағы тоқсаныншы жылдардың жалынды жастарына арналады.
Сырлы саздардың құшағында жүрген Шопен алғаш рет ғашық болып қалды. Композиторды тартымдылығымен өзіне баураған бұл арудың есімі — Констанция болатын.
1-4 сынып аралығындағы оқушыларға арналған музыкалық ертек
— Вон, вон, вон. В-в-в-в. Жандос мен сенен озып кеттім. Өйткені, менің машинам ВМВ ғой, — деп Біржан кетік тістерін көрсете күлді.
Дарханның сусыма қара шашы, сұңғақ бойы, күлгенде маржандай тізілер аппақ тістері, мазмұнға толы көздері оны басқа еркек кіндіктіден даралап, ерекше етіп көрсетуші еді.
Жандос бірінші сыныпта оқиды. Баланың басынан бақайына дейін тұнған қабілет. Сабақты қамшы салдырмай оқитын нағыз тасқайнат жан. Ол сурет салғанды ұнатады. Бірде сурет сабағында екі таудың басына анасы мен әкесін отырғызып, өзін қақ ортасына қойыпты. Мұғалиманың: «Неге бұлай істедің?» — деген сұрағына, бала: «Олар мен үшін әрқашан асқартау боп қалады!» — деп жауап беріпті. Жандостың әкесі — Айбол Алматы әкімшілігіне қарасты «Қала безендіру» бөлімінде жұмыс істейді.