— Ой, жолың болғыр, мынау мені жерге қаратты-ау, ә. Сөйлеген сөзін тыңдап көр. Құдды тау көтеріп келгендей. Қираттым деп тұрсың ба? Осы тұрған жерінде қамшының астына алайын ба?
Менің атам Майдангер!
Ұлы Абайдың 175 жылдығы қарсаңында,ақынның мерейін арттырып еске алып жатсақ.Теріс пікір білдіріп жүргендер де жоқ емес екен...
Әншейінде байқамайды екенмін. Қара ауыз нағыз иттің төресі екен. Ақлима апайдың немересі Асхаттың көзін ашпай тұрғанда қойынына тығып әкелген күшігі. Алғашқыда қыңсылап, енесін іздеген қара ауыз бірте-бірте жүні тікірейіп, шәу-шәу етіп үретінді шығарған. Күшіктің Асхат десе жаны бір басқа. Жанынан қарс елі қалмайды. Құлтыраңдай жүгіріп әрі-бері ойқастап, иесіне кеп асылады. Әлде нені ұзата лақтырып жіберсе, тістеп алып келеді. Алдыңғы аяқтарын көтеріп амандасады. Құдды цирктің үйретілген күшіктері сияқты.