Қожаның бала кезінде бір қиқар мінезді құрбысы болса керек. Ол екі сөзінің бірінде:
Бірде Ақсақ Темір Ақшәғарға келген соң, шәһардың игі жақсы адамдарын мәжіліске шақырады. Қанжығасынан қан тамған қаһарлы әміршінің алдында олар қаққан қазықтай боп үрейленіп, мелшиіп тұрып қалады. Шәһар төрелерінің абыржып қалғанын сезіп, Ақсақ Темір сөзді өзі бастайды.
Бір күні Қожа бір қазды тұтас пісіріп, патшаға әкеле жатады. Жолда қарны ашып, бір таса жерде тұрып, қаздың бір санын қызыл өңешінен ары асырып жібереді. Патшаның алдына келіп, қол қусырып, алдиярлап, әкелген тағамын ұсынады. Темір қаздың бір сирағының жоқтығын байқап, бұл қалай деп Қожадан сұрайды. Қожа: