Тоғызқұмалақ ұлттық ойыны ережесі шығу тарихы.
Мен 3-4 күннен бері сөйлеген кейбір жолдастардың кейбір сөздері туралы сөйлемекпін. 3-4 күннен бері осында һәр түрлі мәселелерде әр түрлі пікірлер айтылды. Мен сол түрлі мәселелердегі түрлі пікірлердің менің ойымша дұрыс-терістігі туралы айтатын болғандықтан сөздерім шашыраңқы болады. Және уақыт аз болғандықтан сөздерім қысқа-қысқа болады, оны кешірерсіздер.
Енді театрдың «Хан Кенені» ойнауы туралы бір-екі ауыз сөз айтайын: толықтауын кейін айтармыз...
Қазақ театрындағы биылғы жаңалықтардың әзірше бастылары — «Айман-Шолпан» мен «Хан Кене». Бұларды Қазақтың ескі әдебиетінен пьесаға аударған Мұхтар Әуезұлы. Ал бұл екі нәрсе Қазақтың ескі әдебиетінде белгілі әңгіме-жыр екенін жұрт біледі. Әсіресе «Хан Кене» қазақ тарихының белгілі дәуірімен байланысты нәрсе.
Ләйлә-Мәжнүн өткен замаңдағы араб әдебиетінің дәуірлеп тұрған кезінде шыққан белгілі бір сұлу дастаны саналады. Бұл дастан дүние жүзіндегі мәдениетті елдердің көбінің тілдеріне аударылған белгілі жыр. Қазақ арасында да «Ләйлә-Мәжнүннің» аты кеп жайылған. Қазақ елінің әдебиетінде ауыз әңгімелерінде «Ләйлә-Мәжнүн», «Жан құрбан», «Кірсіз» ғашықтыққа үлгі, мысал болған нәрсе. Бір-екі адамның ғашықтығын әңгіме қылғанда «Ләйлә-Мәжнүн» сияқты деп аңыз қылысатын.
Ақмолла билер (феодалдар) және байлар табының санасымен жырлаған ақын. Әрине, моллалығы да соның ішінде.
Ақмолла 1839 жылы туып 1895 жылы өлген. Бұл кісінің әкесі қазақ, шешесі татар. Ақмолланың шын аты — Мұптақитден. Ақмолла деп Қазақтар атап, лақап аты қылып жіберген. Ақмолланың әкесі Мұқаммедияр Сырдария өзенінің бойындағы Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) аймағының қазағы.
Ыбырай Алтынсарыұлы Қостанай маңында 1841 жылы туып, 1889 жылы өлген.
Былтырдан бері «Біздің тұрмыс» атты бір роман жазған болып жүрмін. Бірақ, оны әлі де қадағалап отырып жазғаным жоқ. Бұл романды 3 түрлі ортамен байланыстырып, сол 3 түрлі ортаның тұрмысын (дұрыс жағын да, теріс жағын да) жазбақпын: оным: қала, колхоз, зауыт. Әрине, бұл 3 ортадағы қоғамның барлық қыртыстарының тұрмыстарын түгел суреттей алам деп ойламаймын. Әйткенмен, тұрмыстары баяндалатын адамдарым қала, колхоз, зауыт болмыстарымен байланысады.
Орысша Успенский рудник зауытын жергілікті қазақтар «Нілді зауыты» дейді.