Алдар алпыстан асып, бұрынғы тұрған өлкеден екінші өлкедегі бір ханның қол астындағы көп елдің ішіне келеді. Ел Алдарды құрметтеп, көрнекті орыннан қоныс беріпті. Көшіп кеткен өлкесінің тоналған байы, саудагері, ишаны, шайтаны, ханы бас құрап, Алдарды тауып, алтындарын қайтарып алмақ болады. Төрт ханның нөкерлерінен сұрыпталып, алаяқ қудан, елді құртқан сұмнан ала шапан кигізіп алпыс кісі шығып, Алдарды тауып келуге аттандырады. Бұлар астыртын сұрау салып, елден елге өтіп, тұтқиылда бас салуға келе жатқанын Алдар естіп... Читать дальше...
Баяғыда хан Жәнібек тұсында Қожыр деген бір кедей шал болыпты. Үш баласы болыпты.