Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамына сәйкес, әлемде өмір сүрудің орташа ұзақтығы 67 жас.
«Бос уақыт» деген түсінік ежелгі қазаққа жат ұғым. Мұндай сөздің шығып келуінің өзі бертіндегі жағдай. Яғни төл қазақ қоғамының жойылып, отаршылдардың жасанды қоғамы орнағаннан бері пайда болған өгей түсінік. Қол бостық қазақ қоғамында болмаған. Өйткені көшпенді өмір салты бос отыруға, қол бос салақтап қарап жүруге мұрша бермеген. Бірақ енді қанша жоқтасаң да ондай қоғам қайтып келмейді. Тек сондай қоғамда өмір сүрген халықтың ұрпағы бар. Олардың бойында сондағы адамдардың пиғылы мен әдеті сақталып қалған десек қателеспейміз.
Қазақ қауымы қашанда жас отбасыға жаңа туған жас сәби секілді аса мейріммен қараған. Жас келінді алғаш босағадан аттаған сәтте қадағалап тұрып оң аяғымен аттатқан. Алдағы қадамы оң болсын дегені. Төрде отырған атасы мен апасының ең әуелгі сөзі: “А, Құдай тіл мен көзден сақта!” болған. Не пәленің де сол екеуінен келетінін жақсы білген.
Аппараттың айнасына үңілген дәрігер әйел кенет: «Сіз қай жақтансыз?» — деді. Ұлбосын құрсақ тұсын сап-салқын сайманмен басып отырған дәрігерге: «Семейдің Абыралысынан», — деп қысқа жауап қайтарды.
Жуықта әдебиет білгірі, ескі танысыма кезігіп қалғандағы естіген жаңалығым еді...