COVID-19 пандемиясы адам өмірінің бірінші орында екендігін қайта дәлелдеп бергендей.
Ерте-ерте, ерте де бiр шалдың кемпiрi өлiп, шиеттей үш баласымен қалса да, тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай асырап-бағып, бүгiнгiдей әлетке жеткiзiптi. Жер ортасы алпыстан асып, жетпiске тақаған соң-ақ бiлдiрмей жүрiп бойды алатын егделiк деген бәле осал жау көрiнбейдi. Күндердiң бiр күнiнде ұлдарын сынамаққа ұйғарған шал сыр аулағандай әрқайсысына шаншыла қадалып, сөзiн түу әрi тереңнен толғап, тебiрене бастаса керек.
Мамандық таңдау сөзінің мағынасын әрбір мектеп түлегі тереңінен ұғынары сөзсіз. Себебі, болашағын ойлаған кез-келген азамат мамандық таңдауда ұзақ толғанатыны анық. Дегенмен, көп жағдайда жастар көптеген критерийлерге сүйеніп, қандай мамандық таңдау керек екендігі тұрғысынан жаңылысып жатады. «Ата-анамның қалауы орындалса болды», «Диплом алсам болды» деген ойлар басымдық көрсететін тұстар да кездеседі.
Мақалада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «әл-Фараби орталығы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұлы ойшылдың 1150 жылдығына, оның шығармашылық мұрасын және замандастары үшін маңызын зерделеуге, сондай-ақ ғылымды дамытудың заманауи проблемаларына арналған «Science Talks» форматындағы онлайн-іс-шаралар сериясы туралы жазылған. Сонымен қатар, Әл-Фараби тұлғасының ғылымдағы орны жайлы және аталған-шараның барысы, нәтижесі, маңызы туралы баяндалады.
Бауыржан Момышұлына 110 жыл Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) – Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Дулат тайпасының Шымыр руынан шыққан. Әкесі Момыш ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Анасы Рәзия Бауыржанның 3...