1942 жыл. Февральдің тоғызы. Қар қалың. Сықырлаған аяз. Дала да, орман да ақ шаңдақ ұлпа қар жамылып, мүлгіп қалыпты. Осыдан бір-ақ күн бұрын жойқын шайқас боп өткен өңірге мүлде ұқсамайды. Бар болғаны ұзыннан-ұзақ, бір-біріне жалғаса қазылған траншейлердің ішінен қараңдаған каскалар ғана көрінеді.
Түс ауа шабуыл қайта басталды. Біздің полктың бір батальоны жаудың сол жақ қанатының астына сыналап енгендей, ентелеп, ішке қоян-қолтық кіріп кетті. Танкке қарсы ататын кішкене зеңбіректерін сүйреткен артиллерия взводтары және қол пулеметшілер жаяу әскерді оғымен демеп, жауды тықсырып ығыстыра берді. Жау қатты састы. Алдыңғы шеп ыдырап сала бергені емес пе. Түстен кейін мұндай тұтқиылдан басталған шабуылды күтпесе керек. Олар өлгендері түгіл, жаралы болғандарын алуға мұршасы келмей, тым-тырақай жамырай шегінді. Читать дальше...
Біздің ауыл Қаратаудың теріскейін, Аққолтық деген жерді мекендейді. Совхозымыздың қазіргі аты «Жарты тебе». Дуалы ауызды ата-бабамыз солай деп жер атын қойғаны рас. Бірақ, сондай әжептәуір жерде отырып-ақ, құдай оларға ең болмаса бүтін тебе бермегӨрімшіендей жарты төбесі несі деп те ойлайсың.
Бұл 1945 жылдың көктемі. Совет Армиясы бар майданда жеңіске жетіп жатқан шақ. Жеңістің алтын күрегі соғуға жақын. Мұнымен бірге осы шақтың елге жетіп жатқан ең қатал өкімінің бірі қара қағаз. Қамбарбектің үйіне сол қағаз келіпті. Жаппарқұлдан қалған көнетоз қара шаңырақтың несі болар деп үміт еткен, жар тұтқан жалғыз ұл қан майданда ерлікпен қаза тауыпты. Міне бүгім үш күн бойы Хантағы шоқысының алқымдағы тауға жақын жатаған ғана кесек үйдің әбден ыстанған қожалақ-қожалақ қара мұржасынан түтін шықпай қалды. Читать дальше...
Бұл араға ол таң қараңғысында келді. Алғы шептегі окопта ояу жатқандар, түнгі күзетте тұрғандар болмаса оның мұнда келгенін ешкім сезген жоқ. Бұрыннан таныс бекініске келіп жайғасты. Бұл өзі жардың басынан алға қарай сұғына жасалған, өте құпия орын. Бұрынырақта бір рет отырған. Бірақ ол күні күн бұлыңғыр, боз тұманды болды да, ештеңе көре алмады. Ертеден кешке дейін босқа отырып қайтқан.
— Гвардия лейтенанты Досов! — деген дауысқа отырған жерімнен лып етіп тұрдым да жалт қарадым.
Көктем шыққалы әлдеқашан. Оның ең соңғы айы — майдың өзі зырлап барады. Ауылдың тау жағы көз нұрын толтырғандай боп, кілем түгіндей көк жасылға бөленген. Әдемі иісі көңілді алып, көкіректі ашып тұр. Әлденеше шақырымға созылған көк жоңышқалы дала, қырмызыдай отты қызғалдақ басқан жусанды алқап, еңісті беткей сол көктемнің көркіне оранғандай бөгіп те, тұнып та жатыр. Түз гүлінің иісі қандай өткір, жыты болады? Көксу аңғарынан соққан қоңыр жел, көктемнің дымқыл самалы Ешкіөлместі бөктерлеп өскен шақта дала гүлдері мен көк жуа... Читать дальше...