Құрметті Фариза! Айтамыз «Құтты болсын» жасыңызға Қарт Каспий, Қиыршық құм, тасымыз да. Біздерден жүрсеңіз де қанша шалғай тұрамыз сезіп Сізді қасымызда. Кеудеміз тілектерге толып ізгі аламыз ілтипатпен қолыңызды. Өлеңнің өрнегімен барасыз Сіз әсемдеп жүріп өткен жолыңызды. Күмәні, күдігі бар шақтар бұғып, қараймыз сол жолға біз мақтан қылып. «Атырау ақиығы ұшар!» — деген ақталды ел сенімі, ақталды үміт. Бүгін де ізбасар көп еліңізде жүр енді солар Сізден сенім іздеп. Жолдаймыз Маңғыстаудан құттықтауды... Читать дальше...