...Тәтті ұйқыда жатыр еді, біреу түрткендей болып, оянып кетті... Таңның әлі ата қоймағанын сезініп, «көзімді ашсам, ұйқым ашылып кетер» деген оймен көрпесін қымтана түсіп, әрі қарай ұйықтай бермекші еді, құлағының түбінен әлдекімнің терең тыныстап дем алғанын естіп, ұйқысы шайдай ашылды. Астапыралла! Бұл кім? Кімнің тыныстағаны соншама ап-айқын естіліп тұрған? Неше жылдан бері жалғыз өзі ұйықтайтын жатын бөлмеде бөтен біреу қайдан пайда болған? ...Алакөлеңке бөлме, тым-тырыс тыныштық, ғайыптан пайда... Читать дальше...
Қаңтардың қысқы күні қырқаға иек артып, құлақтанып біраз тұрды да құлай салды. Он шақты көлік, төрт-бес әйел, кептеген аяққаптай домаланған күпілі бір бала мен бір кепкен шал текшеге көтерілгенде дүние көгілдір тартып еді. Қысқы ымырт Алтайға қашан да қарақұрықтамай, бозалаңдап кіреді де қар бетін көкшіл сағымға бояп, ай туған соң жер дүние қайтадан шаңқайып шыға келетін әдеті. Бүгін ай қорғалап туатын болса керек, орман іші күңгірттеу, тау сілемдері жер шетіне көшіп бара жатқандай тым алыстан мұнартады. Читать дальше...