1963 жыл, аспирант кезім, қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін айғақтайтын жаңа мағлұматтар іздестіру үстінде, Тизенгаузеннің Алтын Ордаға қатысты әйгілі, бірақ біздің жұрт бетін ашпаған ескілікті жинағын зерделеп отырып, шетін, өзгеше бір дерекке ұшырасқан едім. Бұдан тура жеті жүз жыл бұрынғы кеп.