Күн бесінге құлағанда мылтық асынған аттылы адам Бектауата тауының теріскей шатқалдарын сүзіп келе жатты.Күннің ыстығы қайтып, тау аңғары қоңыр-салқын тартқан. «Жүргенге жөргем ілігеді» демекші «жүгірген аң көзге шалынар ма?» деген желқом үмітті серік етіп, төңірегіне еміне көз тіккен Сіләмбек аңшы, тау етегін балақтай жүрді. Содан әрі сай табанынына ұйыса біткен қалың шалғынды жалдап өтіп, қарсы алдындағы биік белеске көтеріле бергенде — шатқалдың өрінде қаздиып тұрған арқардың құлжасын көріп қалт тұра қалған.
— Бүгін ауылға жүреміз, — деді шешем таңғы шай үстінде. — Түнде түсімде әжеңді көрдім. Ақ боз атқа мініп алып, биік таудың үстінде жүр екен, жарықтық. Құран дәметіп жүр-ау. Мерекеге орай үш-төрт күн демалмаушы ма ең? Түске қарай жолға шығайық.
Жер төсіне төне түскен қорғасындай ауыр бұлттар аспан аясын тарылтып жібергендей. Тосыннан жарқ ете қалған найзағай жарығы түн көбесін сөгіп өтіп, жер төсіне сүт сәулесін аяусыз бүркіп-бүркіп алады. Қараңғылық құшағына еніп, қалғи бастаған меңіреу түз аспан төсін осқылаған от бишіктің жарқылынан селт етіп, қайыра марғау тыныштыққа бата жөнеледі. Осынау беймезгіл шақта суыт жылқы қуған үш жолаушы қоңыр адырдың шығыс сілемін сабақтай келіп, Еділбай өзегіне ілікті.
Әке туралы ой