Қара мысық иесі сипаған сайын, сүйсіне көзін сығырайтады. Пыр-пыр… Теледидарға көзін ғана қадап қойып, диванда отырған қожайынының алдында бүрсиген қалпы. Пыр-пыр… Үй егесінің тамырлары адырайып кеткен аппақ күрек қолдары басынан жанап өткенде, сәл еңкейіп, арқасына қарай ойысқанда еңсесін көтеріп, келесі сипалауды күтеді. Жетінші қабаттағы пәтерде екеуі жетімсіреп… Құлаққа қарай жанталасатын дыбыс жоқ: теледидар болар-болмас міңгірлейді, жоғарғы жағы сәл ашық пластик терезеден қаланың дауысы сығылысып кіріп, талып естіледі. Читать дальше...
Беліне дейін төгілген қою қара шашын жайып жіберіп, теңіз жағасында тұр екен дейді. Өрекпіп кеп құрлыққа соғатын толқынды тудырған жел әйелдің шашын желбіретеді. Желмен ойнаған толқын бір көтеріліп, бір басылып, жағаға жетіп құтылған желге қолын қармап қалатындай. Судың сылқ-сылқ күлгені. Екеуінің ойынына төбеде күн жымиып тұрған секілденеді.
Бүгін қадір түні. Жер бетінің бүкіл иманды жандары жанына ризық, тәніне саулық және жеке басына ұзақ ғұмыр тілеп мінәжат етпекші. Ал мен Алладан өмір сүру азабынан құтқаруын сұрап құлшылық жасамақшымын. Бұрын-соңды жылылықтың не екенін сезбей келген мен бейбақ жаным тәнімнен бөлініп, көкке самғап бара жатқанда ғана ойлау құлдығынан азат етіліп мәңгілік тыныштық табармын. Сонда ғана мен бір секунд та болса шын бақыттың не екенін сезініп өтермін...
Теңіз тамағына төніп отырған үш үй еді. Иелері — тоқтасқан үш әйел. Бала біткен қалаға қашып құтылған. Малы түскір далаға қашып... Мал дегенде бар-жоғы он сиыр мен уақ жандық. Түс ауа есік көзіне самаурын көтеріп, алақандай ақ орамалын төбесінен тастамайтын Айман шықты. Артынша жалақ ернін бір жалап алып сөз бастайтын Қарғаш, соңынан қыли көзі ылғи қиғаш тартып тұратын Бибі көрінді.