Мың тоғыз жүз оныншы жылдары губернатор Семей халқына мынадай жарлық хабарлаған:
Мен 1921 жылы құдам ауырып, көңілін сұрап барып жатқан кезде Өскемен уезіне қараған Өтеміс елінен қыстың ортасында сексен бес жастағы кәрия салт атпен күндік жерден келді. Екі иығына екі кісі мінгендей зор денелі, алып тұлғалы, ақ сақалы омырауын жауып тұр, жалпақ толық бетіне сақал-мұрты жарасып тұр. Аты — Сегізбай. Көп атақты адамдарды көріп, көп жақсы сөздер естіген, қазақ, қалмақ батырларымен жолдас болып, талай рет аң аулаған, сөзге тартымды, салмақты адам екен. Сол Сегізбай ақсақалмен үш күндей әңгімелесіп... Читать дальше...