Қазақ тілінің жетілуі заман талабына сай өзгеріп отырғаны бізге мәлім. Тарихқа жүгінсек, қазақ халқы өзге түркі халықтары сияқты 4-5 ғасыр бойы араб жазуын пайдаланды. ХХІ ғасырдың екінші жартысынан бастап зиялылар, ағартушылар, қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастыру үшін оның дыбыстық жүйесін толық бере алатын жаңа алфавит қабылдауды күн тәртібіне қоя бастаған.