Бұрынғы өткен кезде Атығай-Қарауылда бір үлкен той, ат шабыс, күрес болып, осы екі елдің барлық адам қарасы жиналып, осы екі елдің мынау қалай деген балуандары күреске түсіп, жүйрік жақсы аттары жарысқа қосылып, үлкен той болады. Осы жиналыс-тойда үлкен дау, жанжал шығып, негізі Қарауыл Тұяқ дейтін адам өте балуан екен. Осы Тұяқ Атығайдың атақты бас балуанын жығып кетеді. Осы тойда түйе бастатқан бас бәйгені Тұяқ алады. Осыдан кейін үлкен талас, жанжал шығып, аяғы ұрыс-жанжалға айналып, бірнеше адамдар жараланады. Читать дальше...