Белсенділер сайлау заңына өзгерту үшін референдум өткізуді ұсынды
21 тамызда Нұр-Сұлтандағы баспасөз жиынында белсенділерден құрылған бастамашыл топ сайлау заңына өзгеріс енгізу үшін республикалық референдум өткізу бастамасын көтерді. Жиналғандар "биыл маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауы әділетсіз" деп санайды. "Сайлаудағы заң бұзушылықтар" оларды осындай бастама көтеруге итермелеген. Баспасөз мәслихаты спикерлерінің бірі кәсіпкер Нұрлан Есқалиев "референдум арқылы сайлау заңы мен саяси партиялар туралы заңға можариторлық жүйені енгізуге болар еді" дейді. Читать дальше...