Қаңтар оқиғасында қырғыз, өзбек азаматтарын азаптау фактісі бойынша 4 полицей қамауда отыр. Іс бас прокуратураның қарауына өткен. Бұл істе 7 адам жәбірленуші деп танылған. Олардың бірі Азаттыққа сұхбат беріп, қалай азапталғанын айтты.
Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Бас прокуратура оның 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде «аса ауыр зардап тигізетіндей билігі мен өкілетін асыра пайдаланын» мәлімдеді. Заң бойынша Тұрғымбаев 72 сағаттың ішінде сот шешімімен екі ай қамауға алынуы керек.
Биыл Қазақстанның 10 облысы су тасқынынан зардап шекті. Үкімет комиссиясы тасқыннан келген шығынды әлі есептеп біткен жоқ. Кәсіпкерлер мен ірі компаниялар зардап шеккенгерге көмек ретінде ақша аударып жатыр. Қазірге дейін 153 миллиард теңге жиналған. Үкімет резервінде 467 миллиард теңге бар. Бұл қаржы тасқын салдарын жоюға жете ме?
Биыл Қазақстанның 10 облысы су тасқынынан зардап шекті. Үкімет комиссиясы шығындарды есептеп жатыр. Кәсіпкерлер мен ірі компаниялар көмек ретінде аударған қаржы көлемі 153 миллиард теңгеге жуықтады. Үкімет резервінде 331 миллиард теңге бар. Бұл жете ме?