Жалаңаш король туралы ертегі, Ханс Кристиан Андерсен ертегісі. Ерте заманда, мынау жалған дүниеде бір король өмір сүріпті. Оның киімді сәндеп киінгенді жақсы көретіні соншалық, қолында бар ақшасын түгелдей жаңа киім-кешек тіктіруге жұмсайды екен. Ал кез келген сауық-сайранды ол өзінің соған барып қатысып, жаңа киім-кешегін көрсетудің сәті түсетіндігі үшін ұнатады екен.