Шұбыртпалы Ағыбай мен қарт Қожақ баласы Әлібек батыр туралы әңгіме. Батырлар туралы әңгіме. Ел аузынан. Кенесары, Наурызбай заманында шабыншылық жауласу жағдайында Кенесары шұбыртпалы Ағыбайды шақырып алып, қасына қырық жігіт ертіп жауласқан елінен жылқы әкелуді тапсырып, аттандырып жол жүріп келе жатып бір өзен жағасына келіп түстенеді. Тамақ пісіріп отырған кезде өзеннің арғы бетінде бір жақсы ат мінген адам кетіп барады. Ағыбай жігіттерге: «Ана адамның астындағы атын қайсың барып әкелесің?» — дейді.
Ағыбай мен сарышымшық торғай туралы әңгіме. Ағыбай ауырмастан үш күн бұрын кешке қойдың шетінде отырса, Шұнақ деген жерде, Есентерегі қасында Дуана деген ба- ласымен. Сарышымшық торғай шырылдып келіп, Ағыбайдың басына, екі иығына, селдір сақалына, мұрнына қонып жүрген- де, Дуана ұстаймын деп ұшып-қонып ұстатпайды. Сонда Ағы- бай айтты: «Ей, балам, саған не қонсын? Маған қош айтысуға келген шығар, өтіп кеткен жас дәурен қайтып келе ме?
Әлиханның үш сұрағы, Ағыбайдың үш жауабы туралы әңгіме. Ағыбай батырдың қартайған шағында «Ақжолтай атаға сәлем береміз, батасын аламыз», — деп Әлихан Бөкейханов серіктерімен батырдың үйіне келіп қонады. Сөз арасында Әлихан:
Ағыбай батырдың айтқаны туралы әңгіме. Ел аузынан, бабалар сөзі, батырлар туралы әңгіме. Жасынан кедей батырдың дәулеті қартая келе тіпті сарқылады. Балалары да көп, оның үстіне біразы өз аузына өз қолы жетпеген жас болса керек. Бір күні үй сыртына алты-жеті салт атты келіп түсуге ыңғайланады. Оларды көрген батырдың қарт бәйбішесі сасқанынан:
Ағыбай батырдың айтқаны туралы әңгіме, батырлар туралы әңгіме, ел аузынан. Ағыбай батырдың атағы шығып тұрған шағында еліндегі бай, дәулетті адамдар оны күндейді екен. «Ол да кісі, біз де кісі. Осы Ағыбайда не тұр? Біз сияқты мыңдап айдаған малы жоқ» десетін болған. Тар пиғыл мұндай сөздер Ағыбайға да жетеді. Бірақ ол елең қылмай жүре береді.
Балта ақынның Ағыбайды жұбатқаны туралы әңгіме. Көз тию, бала, батыр туралы әңгіме Ағыбай батырдың кенже ұлы Қашқынбай он шақты жігіттің батпаққа батқан атты шығара алмай жатқанын көріп, қиналған жануарға жаны ашып, белінен батпаққа кіріп жалғыз өзі атты жағаға алып шығады.