Зиярат барысында бағыштаған Құран аяттарының, тілеген дұға-баталардың сауабынан қабірстанда жатқан момын-мұсылман үшін орасан зор игілік, жақсылық болатынын және жасалған құлшылық, амалдардың сауабы оларға қапысыз жететінін дін ғалымдары бір ауыздан мақұлдаған. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бір хадисінде: «Өлген ата-анаңа намаз оқу арқылы, ораза ұстау арқылы жақсылық жасай аласың» деген. Халқымыз ұстанған имам ағзам Әбу Ханифа мазхабына тән әдебиеттерден зияраттың сауабы және зиярат әдебі туралы көптеген деректер кездеседі. Читать дальше...
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер.
Қажетті сілтемелер, Қызықты, пайдалы мақалалар, Қызықты, пайдалы бөлімдер