Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл 1992 жылы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалады. Рәміздер – мемлекеттіліктің атрибутикасы. Жас республикаға өзінің ерекшелігін айшықты да қысқа, түсінікті бейнеде ұқтыратын символдар қажет болатын. Осынау жауапты міндеттің шешімі көп күш-қуат талап етті. Ұзаққа созылған жұмыс 1992 жылдың жазында аяқталды. «Кәсіби және өзге де мерекелер... Читать дальше...
Адам итті неге жақсы көреді?...
Бұрынғы өткен біліктілерден қалған: "сөз — ой көркі, ой — адам көркі" деген тағылым бар. Ал адам көркі — тән көркі, жан көркі болып екіге бөлінеді.
Ел үйреншікті көш жолын сағалай күзекке келді. Шиі қалың, қыры бетегелі, жусаны тұнып тұрған Қотанбұлақ, Жамбасқұдық, Күзеуқұдықтарына бытырай қонып үйлерін тікті. Елдің ендігі әрекеті қыстың қамы. Азды-көпті болсын иішен шауып, мінер ат, марқа қозы, лаққа деген шөп қорын жасау. Күзекке келіп орнығысымен әкем мені ертіп Дегелең тауының бауырындағы қыстауға жол тартты.
Егеменді Қазақстанның рәміздері тәуелсіз мемлекет идеологиясының, оның тарихи дамуының, ой-өрісі мен философиясының негізгі бағыттарын бейнелейді, олар қазақ халқының азаттық пен тәуелсіз даму жолындағы сан ғасырлық арманының іске асуы емес пе? Олар қазақстандық демократияның мемлекеттік идеясын, жалпы адамзаттық құндылықтар мен гуманистік идеалдарға ұмтылуын айқындайды.