Мысықты шығарып салып үйге келгенде, Шыңғыс киімін шешініп жеңілденіп, ат үстінен түскен шаң-тозаңнан жуынып, дастарқан басына келген-ді. Қанипа жайған торғын дастарқанға Сыздық әкеліп күміс құлақты сары тегенені қойды. Күмістеген без ожаумен, қою сары қымыздың қышқылтым иісін бұрқырата сары бәйбіше өзі сапырды.
Қосқималы атанған Құсмұрын адырының солтүстігіндегі төре аулының күзеу құдығы күзгі малға шөбі шүйгін құйқалы қоныс. Бір жағы Құсмұрын саласына жалғасатын бетегелі кең тепсең: екінші жағы жағалай көктарлаулы қара отты ащылауыт ой. Төре ауылының бұл күзегін ұшқан құс, жүгірген аң болмаса, салт атты кісі баспайды. Қыста қылаң елсіз болып қар басса, жазда жалғыз үй күзетші отырады. Осы күзетшінің қара лашығы Қосқималының ық жағында қалың ши арасында қарақшы болып шоқияды да тұрады. Сол қара лашықтан... Читать дальше...
Әміренің туған елі Тарақты бұрынғы Қарқаралы уезі Дегелең болысының «Атан» ауылына қарасты «Алакөз Шәку» деген атаның ұрпағынан болады. Ол кездегі қоныстары осы күнгі «Қайнар» селенінен жиырма шақырымдай жердегі Тарақты адырының бір алқабында болған.
Қызы едім Уәлидің атым Майра, Отыз тіс көмекейде тілім сайра. Қолыма гармонь алып жөнелгенде Ілесер сонда маған жігіт қайда.
Тәтті күйдің атасы Тәттімбет болса керек. Олай дейтініміз, әсем сазды, ырғақты, жүрек қылын шертетін әуен Тәттімбет күйлерінде жатыр ғой. Тәттімбет туралы әлденеше қанатты сөздер, қызық аңыздар елге тарады. Арқада «Тәттімбеттің тәтті күйін, «Сарыжайлаудай» сәтті күйін, «Сылқылдақ», «Былқылдақ» сияқты бапты күйін тыңдамай, көкірек балқып, көңіл жусайма» деген сөз де бар.
Иса Байзақұлы бүкіл Қазақстан жұртшылығына өнерімен, өлеңімен өзін танытқан әрі ақын, әрі артист еді.
Бұл 1921 жыл еді. Мен бұрынғы Қарқаралы уезіне қараған «Ақбота» болыстық атқару комитетінің хатшысы болып қызмет істейтінмін. Бір күні болыстық көшпелі кеңсесі қонақтап жатқан ауылға Қарқаралыдан бір уәкіл келе қалды.
— Мен енді сіздерге осы жолы жәрмеңкеден үйреніп келген жаңа әнімді айтып берейін, — деп домбырасының құлақ күйін өзгертіп, «Ақ қайың» әнін шырқады. Әсіресе қайырмасын әсемдей келтіріп:
Сквайр Трелони, доктор Ливси, басқа да джентльмендер Қазына аралы туралы білетіндерімнің бәрін түгел жазып шығуымды өтінді. Олар Аралдың географиялық орнынан басқасының бәрін, бүкіл тарихын бастан-аяқ, егжей-тегжейіне дейін ешқандай бүкпесіз әңгімелеп беруімді қалады. Аралдың қай жерде екенін әлі де айтуға болмайды, өйткені біз әкетпеген қазына онда әлі күнге дейін сақтаулы жатыр. Сөйтіп, міне, мен биыл, 17 ... жылы, қолыма қалам алып, әлдеқашан өткен сонау бір алыс күндерді есіме түсіріп отырмын;... Читать дальше...
Көктемнің аяқ кезіне таман бір жолы түстен кейін Тэнстоллдағы Мот қамалының мұнарасындағы қоңырау мезгілсіз қағыла бастады. Барлық жерде, өзенді қоршаған күллі орман мен кең далада, жұрт жұмысын тастап, қоңырау қағылған жаққа қарай шұбырды. Шағын ғана Тэнстолл деревнясына да кедей-шаруалар жинала қалған, олар қоңырау үніне таңдана құлақ түрді.