Михаил Лермонтовтың өлеңдеріне түсініктеме
Сен мені сәбиімде әлдиледің; сен мені жалғызсыраған құзар шыңыңа шығарып, бұлттан торқа жаптың, зеңгір көкке үйір еттің. Содан бері сен, сенің аспаның көңілімнен шықпай қойды. Иығынан найзағайлы бұлт ұшырған табиғат тәжісің, сен. Тауыңның басында тұрып жаратқанға жалбарынған жан өмірге насаттанса да, артынша сол өмірді менсінбейді.