«Ақ жол» газетінің 1925 жылғы 15-сәуірдегі санында басылған «Тілшілердің міндеті һәм мәнісі туралы» атты мақала газет тілшілерінің бірінші маслихатында жасалған баяндамасынан. Мақаланың авторы – Қошке Кемеңгерұлы. Қошке Кемеңгерұлы бұл баяндамасында «Газет ел мұңына, ел жай-күйіне араласып көрсететін айна десек, мақсатсыз айна емес. Мақсатты айна» деп айтады. Ал, енді газетке мақала жазатын, оларды баспасөзге басып шығаратын ол кім? Әрине, тілші.
Мың жасаған шаһар әсем Алматыда 20 ғасырдың ортасынан бері қарай мерзімді басылымдар жарық көріп тұрды. Солай бола тұра, ел астанасы болған Алматыда қазақ тілінде тарайтын газет жоқтың қасы болатын. Қоғамға ұлт тілінде жарық көретін басылымның қажеттігі көрініп тұрған дәл сол кезеңде Алматы қаласында 1988 жылы «Алматы ақшамы» газеті өз жұмысын бастады. Газетке белгілі журналист Исламғали Бейсебаев редакторлық етті.
Түлектер назарына
Жайық алқабының көктемі ала-бөле жарқын келеді: жұп-жұмсақ қоңыр ала бұлттарды баяу жел ақырындап ысырып әлдеқайда асырып жатады да, көкек айының өзінде-ақ дерткен жер күн нұрына балқыған сайын шөп түгі тұтамдап өсіп жүре береді. Дөңес біткенді қара бұйра жусан бүркейді: ылдиды көк бидайық пен түбіттей қалың бетеге жауып кетеді. Ал, қырат біткенді өрмелей балқурай бойын жазып, еркек басын жарған кезде албыраған ақ раушан гүлдерге асылып көк көбелек шарқ ұрады; сол шақта төскей-төскейден балмағыз атқан илан иісі аңқиды... Читать дальше...
Тартыс тас қамаудың ішінде де жүріп жатты.
Бір үйде тұрып, бір жерде оқитын үш студенттің екеуі почтадан шығып базарға бет алды. Базар жолда еді. Почтаға барған сайын оны бір сүзіп өту бес парыздың біріндей. Өйткені қол бос, қамсыз шақ.
Реальное училищені бітіретін Хакімнің қыс бойы араға күн салмай барып тұрған жері медициналық курстың клубы мен Губернатор көшесінің бойындағы биік басқышы бар жасыл қиықты әдемі үй. Кеш болса ол клубқа Мүкарамамен билеу үшін барады да, жасыл қиықты үйге қызды шығарып салады. Ол студенттер қалмай барып жүрген съезде бір-екі рет болды да, қыз «скучно» дегеннен кейін бармай қойды. Жатақ үйлердің ішіндегі, оқушылар клубтарындағы, көшедегі қызу-қызу сөйленіп жататын сөздер мен пікір таластары оны аса еліктірмеді. Читать дальше...