Өткен ғасырдың орта тұсында күндей күркіреп өткен екінші жаһан соғысында, КСРО халықтары тарапынан «Ұлы Отан соғысы» деп аталып кеткен КСРО мен Фашистік Германия арасындағы соғыста қазақ жауынгерлері небір ерліктің үлгісін көрсетті. Қазақтың ерлігі мен батырлығын, соғыс өнері мен техникасын игере алатындығын осы соғыс айқын дәлелдеді. Солардың бірі де бірегейі, осы сұрапыл соғысты басынан аяғына дейін өткерген, қаны мен терін төккен, от пен оқтың ортасында қан кешкен, батальон командирінен дивизия командиріне дейін көтерілген... Читать дальше...
Мектеп бітіргеннен кейін түлектер алдында олардың өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі - оқу орнын таңдау тұр. Әрбір адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі үшін шешуі керек. Мен де еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарын ұзақ сараптадым, менің назарым әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тоқтады. Бұл мекеме көп жылдық оқу және ғылыми жұмыс тәжірибесіне бай. Шығыстың атақты философы, ойшыл Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен аталатын әл-Фараби атындағы... Читать дальше...
Суретші Саврасовтың тарамыс қолы діріл қағады. Ол бір стақан шайдың өзін кір-кір кенеп дастарқанға төгіп-шашып әзер ішеді. Суретшінің қобыраған қаба сақалынан нан мен арақ иісі шығады.
— Атажан! — деп қыз шыр ете түсті, ол солдатты айқара құшақтап, кеудесіне басып сүйеді. Солдат, шамасы, биязы бала қолының болмашы ыстық табын ең соңғы рет сезді білем, жатқан орнынан қозғалақтап, қыздың қолын күректей алақанымен сипады. Су қараңғы, меңіреу күйіммен кетіп барам, — деді ол сарнап. — Тым болмаса, күн жарығын көз қиығымен бір көрсем! Сен дауыс қылма, қарғашым. Солдат сорлының өмірі деген шұлғау емес пе. Шешешің де тастай саласың. Бағанағы офицерге жүгір, тез. Кәрі солдатты әскер тәртібімен жерлесін... Солдат ышқынып барып... Читать дальше...
Дүниеде өзен суының иісі туралы не даланың тыныштығы туралы айтудан қиын нәрсе жоқ. Айтқанда да қасыңдағы әңгімелесіп отырған кісі сол иісті анық сезіп, сол тыныштықты түйсініп білетіндей етіп айтудан өткен ауыр нәрсе бола қоймайтын да шығар.