Талай жанның жүректерін жылатып, талайларды жесір қып, жетім қылған желтоқсан оқиғасына биыл 34 жыл болыпты. Сол бір күн... Сол бір түн... 1986 жылдың 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев орнынан алынып, Геннадий Васильевич Колбиннің келуі талай қазақ жастарының наразылығын туғызған еді. Онсызда ана тіліміз жойылудың қыл үстінде тұрған шақта, қазақ тілінің болашағына аландап жүрген жастарға бұл хабар үлкен жұдырық болып тигені анық. Читать дальше...