Сооонау көк жиекпен тістескен сары бел сағым селге батып-шығып, қылт-қылт етіп; кейде кемеге, кейде керуенге ұқсап, енді бірде үзіліп-өшіп қол бұлғап; көгілдір нілге оранып көз талдырады. Шілденің ыстығы үстемдік құрып жер дүниені қуырып тұр. Көктен тамшы тамбай даланың аңқасы кеуіп, шөптің басы қурап, мына ғаламат қапырыққа қапа.
Оның қияли түгі де жоқ, ауылдың көп адамдарының бірі ғана. Бірақ қиялилау екені де рас, жұрттың бәрі айтып жүр. «Әдейі күлдіру үшін істейді» деп, ол жігіттің барған сайын ел аузынан тастамайтын қылжақбас атанып бара жатқанын қызғанатындар да табылатын. Басқаларды білмеймін, әйтеуір, өзім қара жолдың шетіндегі қос бөлмелі ағаш үйге көзім түскенде, сол алқам-салқам қорасы бар, жұпыны баспананың маңында жыбыр-жыбыр ойнап жүрген балаларды көргенде, Саршатамызша да «ғажап» өмір сүруге боларына илана түсемін. Читать дальше...
Қаншама ғасыр, қаншама жылды артқа тастап, бабаларымыздан асыл мұра боп қалған ұлан ғайыр жерімізді қасық қаны қалғанша қорғап жан аямай күресіп жеткен егемендігімізді алғанымызға да, әне міне дегенше 29 жылда болыпты.