Туған өлкем - Атырау Көне тарихтың қай бетін ашып қарасаңыз да , халқымыз тыныштық пен татулықты ең бірінші мақсат етіп қойып келген . Бұған халық арасындағы "Бірлік бар жерде тірлік бар" "Ырыс қайда барасың - ынтымақққа барамын" "Төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деген дана сөздер дәлел. Қасиетті де қазыналы өлке, ару қалам Атырау – менің ата - бабамның мекені. Қазақстанның батысында, Жайық өзенінің бойында орналасқан. Атырау қаласы 1640 жылы құрылған, көпті көрген қала деп айтуға болады. 1991 жылға дейін Гуреев деп аталып... Читать дальше...
Мекен мен Сауытбек тәштиген тоқал тамнан қас қарая шықты. Шамды сөндіріп, есікке құлып салып, біржола шыққан. Бүгін ескі жыл бітіп жаңа жыл сағат санап жақындап табалдырыққа тіреліп тұр. Ауыл жұрты соны бір ерекше боп қарсы алмаққа дайындалып жатыр. Балалар қысқы қаникулға шығып кеткен. Мектепте жаңа жылды, аяз атаны қарсы аламыз деп бірінші қамданған солар еді. Неше күн абыр-сабыр болып жүріп олар да тынышталды. Көптен күткен жасыл шырша қызығы аяқталған соң енді әр үйде, клубтағы жастар кешіне дайындық бүгін соңғы кезіне жетіп, қыза түскен. Читать дальше...
Қаншайымның қалаға келгеніне алты ай. Баласын ауылдағы шешесінің қолына қалдырып жұмысқа кірді. Шешесі алпыстан асқан ақ шашты жасында мінезі адуынды болған сөзшең адам.
Түс ауа бере қабағы түнеріңкі қара қошқыл бұлт Н. қаласының үстін қымтап алды да іле жұмсақтық танытып жылап жіберді. Көңілшек бұлттың көз жасын сүртпекке, мүмкін жұбатпаққа ниеттенгендей батыстан баяу жел есті. Ызғары әжептәуір. Құтырынып кетпесін деңіз. Қойын-қонышыңды толтырып сумаңдай еніп, мұздай демін тәніңе үрлейді, ащы тікенегін теріңе сұққылайды.
Студенттер Елбасының өмір дастанынан үзіндіні тыңдай отырып, болашаққа деген жігерлілік пен бірегейліктің тұрақтандырылуына түрткі болуды болашаққа көздесті.