Жазғы каникул аяқталар мезгілде әкем әлдебір жұмыспен аудан орталығына баратын болды да қасына балаларының ішінен мені ертіп алды. Екі ағам мен кіші інім: «Бізді неғып ертпеді?» - дегендей сынай танытып еді:
Ағыбай оңаша бөлмеден екі беті ұялғаннан өрттей қызарып шықты. Үзіліс әлі болмапты, әшейінде оқушылар қайшалысып жататын дәлізде дәл қазір ешкімнің болмағанына қуанды. Есін жиған беттегі ойлағаны бөтен хаттар Орынбек ағайдың қолына қалай түсті. Әлде оны мұғалімге қыздың өзі берді ме. Жоқ өз жайын ойлайтын қыз болса Жайдары өйтпеу керек. Сабақтан кейін Ағыбай осындай ойлармен үйге де, көшеге де сыймады. Түс ауа шешесінің жұмысқа кететін кезін тосып тұрып, ешкімге байқатпай Жайдарының үйіне келді.... Читать дальше...
Сембек оқуын бітіріп ауылға келгенде, әке-шешесі естері қалмай қуанған еді. Екі етегі далақтап, азаннан кешке дейін тор атқа мініп алып, ауылдың өріске бармай қалған сиырларын егінге түспесін деп жарғақ құлағы жастыққа тимей шапқылап жүретін шыдамсыз Алпысбай баласының алысқа кетіп қалмай, ауылға қайтқанына разы боп: «Е, жөн бопты, енді кім боласың, бастық боламысың сонда?» — деді. Сембек әкесінің аңқаулығына еріксіз күліп: