Тағы да Алматыдан қатынайтын автобустың дарылдаған дыбысынан оянған. Орнынан атып тұрып, терезе алдына жүгіріп келді. Одан әйнек жақтауына жармаса түсіп, сондайдағы автобекет жаққа көз тікті. Алды-арты есік пен төрдей үлкен «Икарустан» бейтаныс біреулер топырлап түсіп жатыр. Араларында мұның әке-шешесі жоқ сияқты.
Аурухананың жүйке ауруы бөлімшесінде төсекке таңылған бір қыз жатыр. Палата іші тар. Қара көлеңке, терезе сыртындағы өмір де сүреңсіздеу. Мезгіл қағтардың соңына ауысқанмен, Алматының ауа-райын адам түсініп болмайды: екі күн бойы қар орнына жаңбыр жауған. Күн бұлыңғыр. Жер көк тайғақ.
Есін енді ғана еміс-еміс біліп қалған балғын шақ. Бірақ кейбір қадау-қадау көріністер көкірек сарайында күні кешегідей-ақ сайрап тұр. Қаланың шеткері аудандарының бірінде пәтер жалдап тұратын әке-шешесі бұл оянғанша жұмыстарына кетіп қалады. Қожайын жайымен жапсарлас аядай жер тамның қараңғылау түпкірінде тымпиып жататын бұл ұйқысы қанып оянған сәтте босағаға сүйеніп өзіне қарап тұрғын кемпірдің сұлбасын көреді. Төбесіндегі жаулығының шетінен бурыл шашы дудыраған сықпыты қорқыныштылау адам.
Үлкен ауланың алдында орналастырылған К-700 тракторының ескі орындығына кішкентай екі жиенін отырғызып алып тербетіп ойнатып жатқан Ахмет шалға көршілері таң қалады.
Қарындасым дүниеден қайтқалы өң мен түстiң арасында жүргендей күй кешудемiн. Менiң еркiмнен тыс бiр күш әр iзiмдi аңдып, ту сыртымнан қадағалап тұрғандай сезiнемiн.