Қытaйдың бaйырғы астанасы Ши-Әннің хaқ төріндегі тaсқa aйнaлғaн aтты әскерлер қосынын тaмaшaлaғaн жұрт топ-топ болып, Ертaйдың көз aлдындa сaн мәрте жaңaрды. Қaрa мaржaндaр, қошқыл өңді, aлaсa бойлы, шүңірек көзділер. Көкшіл сaры, қоңқaқ мұрын, жирен шaш сaяхaтшылaрдың қатары қалың. Оның бaрлығы қолдaрынa aқ ту, қызыл ту, жaсыл ту, тіпті қaрa тудa ұстaғaн жіп-жіңішке aқсұр жүзді жол бaстaушы қытай қыздaрдың соңындa. Олaр жaғы-жaғынa тимей сaрнaйды. Ертaйдың олaрмен жұмысы жоқ, өзімен өзі сөйлеседі...
Іші ауырған Бейсебек орнынан тұрып қолфонға үңілді, ол кезде сағат түнгі үшті көрсетті, әжетқанаға шықты, мелшиген мылқау түн, меңреу үнсіз әлем, зілдей бірдеңе басып тұр, «қараңғы түннің емшегін ембеген, жарықтың қадіріне жетпейді» деп күбірлеген ол әр жерден өзіне қарап тұрған көздерді көргендей болды, қытырлата сүйек мүжіген даусты естіді... Күздің түнгі ызғары жалаң шыққан оның өңменінен өтті, тездетіп жұмысын бітіріп, үйге қайта кірді, сар мысығы миаулап аяғына оралды.
Күн мұнар. Салқын жел баяу еседі.
Нұржау оң қолының жұдырығын түйгісі келген. Қайдан? Білегі қоспасынан қиылғандықтан, жұмыла қалар бес саусақ жоқ қой. Жүрегі шаншып-шаншып кетті.
Таңертеңнен басталған жаңбыр бірде саябырсып, бірде үдеп толастар емес. Сансыз тамшылар бір нәрседен құр қалғандай, көктен жерге жарыса түсіп жатқанымен, аспанды тұтас жапқан қара бұлттың қылы қисаяр, сабасы ортаяр түрі жоқ.
Перденің ашық қалған тұсынан енген таңның бозамық белгілерінен бөлме ішінің қараңғылығы аздап сейіліңкіреді. Айнала оңған шүберектей бозара түскен. Айман пердені ысырып, сыртқа үңілді де: «Кеше түстен кейін жауа бастаған қар әжептеуір өндіріп тастапты... Әлі де жауып тұр ма қалай?..» — деп іштей күбірледі. Тыстағы ызғарды жан-дүниесімен сезінген Айманның бойы қалтырап кетті.
Жынды шал күн сайын өзінің жатаған, тозығы жеткен үйінен шығып, ауыл мектебін бір айналып өтуді әдетке айналдырғалы қаша-а-ан. Әлдебір әуенді ыңылдай айта мектепті қоршаған темір шарбақты жағалай жүру оның ең бір сүйікті ісі секілді.
Сидам денелі, сүйір иықты, үшкір мұрын, тіп-тік тергеуші осы шаңыраққа бүгін үшінші рет келіп, үшінші рет дарбаза қоңырауының түймедей нүктесін басты. Қаланың дәл орталығы, жанға жайлы тыныш жер. Қос қабатты үйдің екінші қабаты, бір елдің тізгінің ұстаған бірінші басшы болса да, жұртынан бөлініп сыртқары шығып, елден ерекшеленген жайы жоқ.