Жанат үркек қыз. Дауыс көтерсең көздері бақырайып, ұзын кірпіктері дірілдеп, бидай өңі бір ағарып, бір бозарып кетеді. Есіме бір оқиға түседі... Біздің театрдың 25 жылдық тойына орай әкімнің орынбасарына да, әкімге де кірдім. «Академиялық театр ескі ғимаратта отырмыз, көрермен залы 190-дай ғана. Ал қойылымдарымыз жақсы. Алайда көрерменге жетпей жатады.
Құштарлықтан арылғандай еді, пәндәуи тірліктен де айыққандай еді. Мынауысы қалай, жүрегінің түбін бойлап, жаны жылай ма..? Әлде жүрегі жанына бұйрық етпек пе?
Көрмей қалғыр көзіме қаралы төбе көрініп, қалалы үй, қаралы жан, қаралы мақұлық елестейді де тұрады. Жап-жарық жапан түзде қаралы төбе — қараша белгі беріп, денеңді инемен шыбықтағандай түршіктіре түседі.