Отан, туған жер, туған ауыл... Бұл тіркес адамзат үшін ең маңызды деп ойлаймын. Иә туған жердің қадірін шалғайда жүргенде білесің дейді. Солай да шығар. Мен Алатаудың бөктеріндегі Ақтерек ауылында туып өстім. Ес білгелі өз ауылымның топырағын басып, таза ауасымен тыныстап, мөлдір суымен сусындап келемін.