Иә, осы бір ауыз сөз адам тәнінің байлығын ештеңемен теңестіруге келмейтіндігін түсіндіріп, ерекше ой салады. Қаншама ғұлама ғалымдар денені дамыту – тұлғаның бар болмысын, яғни мінез-құлқын, ой-өрісін, сұлулық талғамын дамытатындығын айтып кеткен. Адам баласы күнделікті тіршілік барысында көптеген әр түрлі қозғалыстар жасайтыны белгілі. Ол әрине, өз кезегінде дененің кейбір мүшелерінің өсіп жетілуіне оң әсерін тигізуі мүмкін.