Елімізде төтенше жағдай жарияланғаннан бері қашықтық білім алудың кез-келген тетіктері қарастырылып жатырғаны мәлім. Бүгінде оқушылар, студенттер барлығы интернеттің көмегімен қашықтықтан білім алып жатыр. Оған тек комьютер, ноутбукпен қалта телефоны интернет желісіне қосылса болды.
Әжемнің мінезі қызық. Менің атамды кәдімгідей баласынып отырады. Бәрінен де дастархан басындағы тірлігін көрсең. Міне, бәріміз — әжем, атам, апам дастархан басына отыра қалдық дейік. Сонан соң-ақ әжемнің әрекетіне ұрлана көз тік. Әжем үстел бетіне бір қарап алды. Бұл алғашқы бақылауы. Сәлден кейін-ақ ол атамның алдына қарай дәмді тағамдарды сырғыта бастайды кеп. Қарыннан шыққан сары май, кілегей, жарма...
Сақылдаған сары аяз. Қоржынға ұқсаған жапа тамның иесі екі түтін, бес адам, Беқдауыл қарт Науша әжей бір басында. Екінші басы Бижамал шешем, Нұркен інім және менің тұрағым. Ортадағы бөлме екі үйге бірдей. Ие, ортақ демекші Нұркен екеуміздің де бір пар керзі етігіміз бар. Былтырғы жылы Бекей нағашым бір мөшек бидайға Сарқан базарынан сатып әкеліп берген. Киіс көргені бірден-ақ белгілі. Кілеттің қуысына тыққан арба майымен майлап алсақ кәдімгідей жап-жаңа көрінеді. Онымен қоймай жерге қар түсіп, суық басталғаннан бері... Читать дальше...
Өзіме де обал жоқ. Шәйнекті сексеуілдің шоғына қойып нем бар еді. Бұл үйде шаң шұң ұрыстың басталары анық. Оны ішім сезеді. Апам қырман басында. Соғыстың жан алып, жан беріс шағы ғой. Ағайым Әсет малатасқа мінеді. Бойы менен сәл қалқыңқы, ап-арық. Жасы он үште. Екі жас үлкен. Апамның әмірі бойынша оның есімін атауға қақымыз жоқ. «Аға» дейміз.