Біздің үйде әркімнің өз сағаты бар. Әкемнің сағаты көршілердің әтештерімен күнде майдан ашып, таң бозынан елдің шырқын бұзатын, қызыл айдарлы, күміс қанат, ақ әтеш. Әкемнің еншісі-кәдімгі қалтадан түспейтін күміс шынжырлы, сырт етіп жабылатын қорабы бар дөңгелек сағат. Қалабай досынан осыдан он жыл бұрын қалап алған жиырма екі тасты Швейцариялық дүние. Онымен қоймай, бір минут алдыға кетіп, не артқа қалған емес. Шешемнің сағаты білезікке ұқсаған түймедей ғана. Ол оны көп тақпайды. Шифонердегі қалың қара көйлегінің қалтасының қожасы. Читать дальше...
Қарауылдың ақ таңын қарсы алатын бір жан бар. Ол менің — әжем Қалиша. Түнімен ыңқылдап, ары- бері аунап есі шығады. Таңғы тауық шақыра киімін жамылып, ұйқыда жатқан біздің қасымызға жетеді. Біз дегеніміз — Абай, Абылай, Адай және Алмас. Әжемнің шатастыратыны құстың баласындай ұқсастығымыз, былайғы жұрттың адасатыны бәріміздің есіміздің А әрпінен басталатыңдығы. Кейде әжем осыдан үш жыл бұрын дүниеден өткен атам Қалимен күңкілдеп ұрсып жүргені. Көпті көріп, тарихты таразылап, шежіре шал атанған атамыз немерелерін осы адамдардай атақты... Читать дальше...
Бүркіт Жукеловтің халыққа еткен еңбегін ұмытпай еске түсіргіміз келеді...
Дәл сағат он екіде кездесу басталып кетті. Алғашқы сөзді жарытылыс тану пәнінің мұғалімі Қалибай Жұмабекұлы алған:
— Әлі есімде. Қарасирақ бала кезім, — деп бастады Батырхан бағбан әңгімесін.
Адамгершілік – адамның рухани арқауы