Уақ деген ел ескі шежірелерде жоқ, Абылай хан заманында ғана айтылады. Орыс жазушылары керейден шыққан ел болса керек дейді. Себебі орыс әскері алғаш жолыққанда керей, уақ аралас екен және таңбасы да - керейдің креш таңбасы. Балкашин деген кісі «уақ атасы - Еркөкше, ол Айдарханның баласы, ол Қамбархан нәсілінен» дейді.