Менің Отаным - Қазақстан шығармасы үш тілде (қазақша, орысшы, ағылшынша) жызылған
Шапан – қазақтың ежелгі әрі кәделі киімі. Ол – арасына жүн немесе мақта салынып, сыртын шұға, барқыт сияқты әдемі әрі мықты матамен қапталып, ішін астарлап тігетін жылы киім. Шапан тік немесе қайырма жағалы болады. Жағасы, өңірі, жеңі әсем ұлттық өрнектермен безендіріліп тігіледі.
Тон – қойдың терісінен тігілетін қыстық жылы киім. Ол үшін теріні шелінен арылтып, әбден илеп, оны қынамен, талдың қабығымен, томар бояумен бояйды. Бояудан кейін тері қоңыр, сұр немесе сарғыш, күлгін түсті болады. Осы теріден жүні ішіне қаратылып тон тігіледі. Жағасына, кейде жең аузына сеңсең, елтірі немесе бағалы аң терілері салынады.