Қазір ХХІ-ғасыр жаңа технологиялар, компьютер заманы деп аталады. Қарап отырсақ, күнде бір өзгеріс өмірімізге еніп жатыр. Сондықтан заман ағымына қарай адам да, оның көзқарастары да үнемі даму үстінде. Менің осы Кембридж бағдарламасы бойынша оқуға келуімнің өзіде өзгеруге бет бұруым деп білемін.
4-қараша күні іс-тәжірибеге белгіленген бір ай мерзіміміз аяқталып, екінші «бетпе-бет» кезеңі басталып кетті. Біздің 8- топ курс тыңдаушылары алыс-жақыннан жиналып, тренерлерімізбен кездестік.
«Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады.» (МАН, 7 бет)
Курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде оқу мен оқытудағы өзгерістер жайында, сонымен бірге оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, теориялық білімімді арттырдым.Үйренген әдістерімді нақты нәтижеге жету үшін мектептегі іс-тәжірибеден өту барысында қолдануды жөн көрдім.
Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) осы бағдар¬ламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр.
5-ші августа Орынбордағы киргизский учительский школаға кіремін деп келген талапкерлерге етмихан болды. Кіруге келген 80 кісі еді, оның жартысы қазақ, жартысы орыс балалары. Жаңадан аларлық қазына һәм стипендия орны алтау-ақ екен. Келген 80 кісінің алтауынан басқалары, ауқаты көтерсе, өз жанынан оқымақшы. Өз жанынан оқитындар пәтерде тұрып, сонан келіп оқып жүреді я жылына 150 сом төлеп школдан тамақ ішіп, киім киіп, сонда жатып оқуға да болады.
Бала әуелде сәбилерге арналған төсекке жатқызылған еді. Сонан соң бір күні: "Осы бала тым еркінсіп бара жатыр. Бұл үлкейген сайын айтқанымызды қылмайтын болады әлі. Мұны бесікке бөлеп тастау керек" деген дауыс естілді.