Болашақтың әжесі немере қыздарына әңгіме айтып отыр. - Осы күні жаяу жүру дегенді қойдыңдар. Бәріңде бір-бір ұшатын табақша. Баяғының қыздары жаяу жүруші еді. Жұмысқа бару үшін үйдің жанындағы аялдамаға дейін жаяу жүріп баратын. Ол соқа басы болса да жақсы ғой, жанында сөмкесі, қолында ұялы телефоны болады. Сол жүкпен сонда жаяу жүріп барады. Әне, сондай қиындықтарды да көріп жүргенбіз.
Қыр хайуандары қыс таянғанын сезеді де, ерте бастан қам қылады. Кірпі мен тышқан інге кіріп, қыс қатып жатады. Кірпі жапырақ жинап соған оранады. Тышқан қу шөпке оранып, құнысады.
Көкем алып келген қамыс құлақ шұбар тайым болатын. Шаң тиместің тұқымы. Өзі қойдай жуас. Күнде үсті-басын сипап, кешке өзім суарып тұрамын.