Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қорғаныс министрлігі Каспийдегі іздеу операциясының кадрларын көрсетті

Каспий теңізінде әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғадан кейін тәулік бойы жүргізілетін іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Іздеу жұмыстарына жүздеген құтқарушы, сүңгуірлер, кемелер мен авиация жұмылдырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іздестіру операциясы қалай жүріп жатыр?
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен құрылған үкіметтік комиссияның тапсырмасы бойынша Каспий теңізі акваториясында іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.
Каспийдегі іздестіру-құтқару операциясы. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің фотосы
Оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстарына қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов тікелей жетекшілік етіп жатыр. Жедел штаб құрамына Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК Шекара қызметінің, ТЖМ, ІІМ және Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері кірді.
Каспийдегі іздестіру-құтқару операциясы. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің фотосы
Операцияға жұмылдырылды:

252 жеке құрам өкілі;
34 бірлік арнайы жерүсті техникасы;
37 әскери сүңгуір;
14 кеме мен катер;
20-дан астам ұшу аппараты, оның ішінде төрт тікұшақ.



Каспийдегі іздестіру-құтқару операциясы. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің фотосы
Құтқарушылар Каспий теңізінің акваториясын, жағалау аймағын және іргелес аумақтарды тәулік бойы тексеріп жатыр. Іздеу жұмыстары судан, құрлықтан және ауадан жүргізіліп жатыр.
Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз жаттығулары кезінде әскери қызметшілер Каспий теңізінде суға ағып кеткен. Олар оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқанда, ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген.
Бастапқыда 19 әскери қызметші суға кеткені хабарланған болатын. Кейін Маңғыстау облысының әкімдігі 17 адам екенін нақтылады.
Қазіргі уақытта 12 адам қаза тапқаны белгілі, үш адам құтқарылған. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалған әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.
Қайғылы оқиғаны тергеу үшін үкіметтік комиссия құрылды. Оны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Комиссия қайғылы оқиғаның себептерін анықтап, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуі тиіс.
Әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты. Мемлекет басшысы 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus