Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Айына 150 мың теңгеге дейін: көпқабатты үй тұрғындары қалай табыс таба алады?

Астана, сондай-ақ Шымкент және Ақтау қалаларындағы көппәтерлі үйлердің тұрғындары қағаз, картон және пластик бөтелкелерді өткізу арқылы өз МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) бюджетін толтыра алады. Тұрғындар белсенді қатысқан жағдайда түсім айына 150 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін, ал бұл қаражатты үй мұқтаждықтарына жұмсауға болады. Мұндай жинау процесін қалай ұйымдастыру керек екенін Tengrinews.kz тілшісіне ТҮКШ меншік иелері қауымдастығының вице-президенті Шыңғысхан Дүйсенбек айтып берді.
Жоба қалай жұмыс істейді?
Шыңғысхан Дүйсенбектің айтуынша, "Таза үй – Таза ел" жобасына елордадағы 140-тан астам үй қатысып үлгерген. Тұрғындар қайталама шикізатты арнайы контейнерлерге салады, ол жерден қоқыс шығарумен айналысатын компания әкетіп отырады. Салмағы өлшенгеннен кейін ақша мүлік иелерінің бірлестігіне аударылады.
Осылайша, қаптамалар, бос бөтелкелер мен қажетсіз қағаздар үйді күтіп ұстауға арналған қосымша қаражат көзіне айналады. Қанша табыс табуға болатыны жиналған материалдың мөлшері мен сапасына байланысты.

"Орта есеппен 300 пәтерлі үй, егер тұрғындар шикізатты белсенді жинап, ол дұрыс сұрыпталып, нығыздалса, айына шамамен 120–150 мың теңге ала алады. Бұл нақты кепілдендірілген сома емес, тек бағдар: түпкілікті төлем жиналған шикізаттың көлемі мен сапасына қарай есептеледі", - деп түсіндірді Шыңғысхан Дүйсенбек.

Ол қала бойынша қайталама шикізаттың бір келісіне орта есеппен 35–40 теңге төленетінін нақтылады. Бұл ретте, оның айтуынша, есептелген сомадан қазіргі уақытта 20 пайыз корпоративтік табыс салығы (КТС) ұсталады.
Табылған қаражат МИБ шотына түседі және ортақ қажеттіліктерге жұмсалады. Осылайша, тұрғындар өз үйлерін күтіп-ұстауға шама-шарқынша үлес қоса алады.
Жобаға қалай қатысуға болады?
Қатысу үшін МИБ тұрғын үй кешені орналасқан ауданға қызмет көрсететін қоқыс шығарушы компанияға хабарласып, арнайы контейнерлер орнатуға өтінім беруі қажет. Содан кейін бірлестік қайталама шикізатты жинаушымен шарт жасасады. Құжатта төлем шарттары, ақша аударудың тәртібі мен мерзімділігі бекітіледі.
Контейнерлер орнатылғаннан кейін тұрғындар оған тиісті қалдықтарды тастай бастайды. Контейнер толған кезде үйден жауапты тұлға қоқысты алып кетуге өтінім береді. Жинаушы ішіндегіні алып кетеді, көлемі тіркеледі, ал МИБ шарт талаптары бойынша төлем алады.
Шыңғысхан Дүйсенбектің айтуынша, қауымдастық бұл жүйенің іске қосылуына өткен жылдан бері күш салып келген. Бұған дейін де қоқысты бөлек жинау бойынша бастамалар болған, бірақ тұрғындарға сұрыптаудан олардың үйіне нақты қандай пайда келетіні әрдайым түсінікті бола бермейтін.

"Адамдар қалдықтарды сұрыптады, бірақ бұдан үйлеріне қандай пайда келетінін көрмеді. МИБ-тің қатысуын және үй мұқтаждығына арналған төлемдерді қалай рәсімдеу керектігі туралы дайын ереже болмады. Біз мұндай жобаның 2025 жылдан бастап іске қосылуына қол жеткіздік. Қалдықтарды бөлек жинау экологияға пайдалы, ал жиналған шикізат үйдің өзіне қаражат әкелетін түсінікті жүйе жасағымыз келді", - деді ол.

Анықтама: ТҮКШ меншік иелері қауымдастығы 2022 жылы құрылған. Бүгінде ол бүкіл Қазақстан бойынша 400-ден астам МИБ төрағаларын, сондай-ақ ТҮКШ саласының мамандарын біріктіреді. Ұйым жалпыүйлік мәселелерді шешуде тәжірибе алмасуға көмектеседі және мемлекеттік органдармен және компаниялармен мәселелерді талқылау кезінде қатысушылардың мүдделерін қорғайды.
Контейнерлерге не салуға болады?
Орнатылған контейнерлердегі ақпараттық тақтайшаларда жинауға мыналар жарамды екені көрсетілген:

картон;
қағаз;
журналдар мен дәптерлер;
пластик бөтелкелер.

Қағаз бен картон таза болуы тиіс. Қораптарды аз орын алуы үшін бүктеп жинау керек. Пластик бөтелкелерді өткізер алдында жақсылап жуып, кептіріп, жаншу қажет. Бұл ретте контейнерлерге тамақ және құрылыс қалдықтарын, сондай-ақ Tetra Pak қаптамаларын тастауға болмайды.
Анықтама: Tetra Pak - әдетте сүт, шырын және басқа да сусындар сатылатын көпқабатты қаптама. Ол картон мен полимерлі қабаттардан, сондай-ақ жиі алюминий фольгадан тұрады, сондықтан оны кәдімгі қағаз ретінде өткізуге болмайды.
Елордадағы ТҮК-тердің біріндегі қоқысты бөлек жинауға арналған контейнер / Фотоны Шыңғысхан Дүйсенбек ұсынды
Демек, әңгіме қайталама шикізаттың белгілі бір түрлерін жинау туралы болып отыр: пластик бөтелкелерге арналған контейнер кез келген пластик бұйымдарға арналмаған, ал қағаз сыйымдылығына барлық қаптаманы талғамай салуға болмайды.
Аула сыпырушы қалай көмектесе алады?
Шыңғысхан Дүйсенбектің өзі МИБ төрағасы. Оның айтуынша, жинауды ұйымдастыруға аула сыпырушыны тартып, ол үшін қосымша сыйақы қарастыруға болады.
Мысалы, егер тұрғындардың бірі арнайы контейнерге бөгде тұрмыстық қоқыс тастаса, аула сыпырушы қайталама шикізатты тығыздап, оны тазартуға көмектесе алады. Бұл жұмысы үшін оған жиналған материалды өткізуден түскен ақшаның келісілген пайызын төлеуге болады.
Осылайша, аула сыпырушы қосымша табыс табады, ал үй үшін контейнерлердегі тәртіпті сақтауға көмектесетін адам пайда болады. Бұл түсімдер үшін де маңызды: қайталама шикізаттың сапасы төлем сомасына әсер етеді.
Неге дүкендері мен дәмханалары бар үйлердің жолы болғыш келеді?
Сұхбат берушінің айтуынша, дүкендері, дәмханалары мен өзге де мекемелері бар тұрғын үй кешендерінің қосымша артықшылығы бар. Кәсіпкерлер жинау жұмысына қосылып, жарамды қағазды, картонды және пластик бөтелкелерді ортақ контейнерлерге өткізе алады. Шыңғысханның сөзінше, олардың қатысуы әдетте қайталама шикізат көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Сондықтан бұл жағдайда ТҮК-де бизнестің болуы барлық меншік иесі үшін тиімді болуы мүмкін: неғұрлым көп жарамды материал жиналса, үйді күтіп-ұстауға соғұрлым көп қаражат түседі.
Салықты алып тастау есебінен табысты арттырмақ
Қауымдастық вице-президентінің айтуынша, олар МИБ-тің тек үй қажеттіліктеріне бағыттайтын түсімдері үшін салықты алып тастауды ұсынып отыр. Тиісті сауал жолданған.

"Бұл үйлерге ортақ мүлікті күтіп-ұстауға көбірек қаражат береді және төрағалар үшін түсініксіз жағдайларды жояды", - деп атап өтті Шыңғысхан.

Егер бастама қолдау тапса, жиналған қағаз, картон және пластик бөтелкелердің көлемі өзгермеген күннің өзінде МИБ-те көбірек ақша қалады. Дегенмен салықты алып тастау туралы шешім әзірге қабылданған жоқ.
Қазіргі уақытта жоба тек Астана, Ақтау және Шымкент қалаларында белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Болашақта ол Қазақстанның басқа қалаларында да пайда болуы мүмкін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus