Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Каспийдегі трагедия: қаза тапқандардың бірі Қазақстан чемпионатының 20 жастағы жүлдегері болған

24 қыркүйекте Каспий теңізінде Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің арасында Маңғыстау облысының жас спортшысы, Қазақстан чемпионатының жүлдегері Сержан Аяпберген болғаны анықталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sports24.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейсенбі күні кешке Қорғаныс министрлігі қаза тапқан 12 адамның тізімін жариялады. Олардың арасында мерзімді қызметтегі матрос Аяпберген Сержан Талғатұлы бар. Ол 2006 жылы 18 ақпанда туған, Маңғыстау облысының тумасы, Ақтау қаласында тұрған. Ол небәрі 18 жаста еді.
Әскерге дейін Сержан көп жылын спортқа арнаған. Маңғыстаудағы "Жас Батыр" спорт мектебінің тәрбиеленушісі болған ол самбо және дзюдомен шұғылданып, жас кезінен бастап түрлі деңгейдегі жарыстарда өңір намысын қорғаған.
2018 жылдың ақпанында 12 жастағы Аяпберген Бішкекте өткен самбодан халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды. Ол кезде жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан 327 спортшы қатысқан болатын.
Ақтауда жасөспірімдер арасында өткен дзюдодан халықаралық турнирде ол 42 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Бұл додаға Қазақстанның түрлі аймақтарынан және шетелден командалар жиналған еді.
Бұған дейін де Сержан 2006–2008 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы жарыстарда топ жарған. Оның есімі "Жас Батыр" мектебі ұйымдастырған турнирлердің алтын медаль иегерлерінің қатарында жиі аталатын.
Спорт мектебінің мәліметінше, Аяпберген спорттық мансабында самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, ТМД-ның студенттік жарыстарында марапаттарға ие болған, сондай-ақ дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлерге қатысқан.

"Маңғыстаудың спорт қауымдастығы үшін Сержан Аяпберген тек Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілердің бірі болып қана қоймайды. Ол бала кезінен татамиге шығып, туған өңірінің атын шығарып, медальдар иеленіп, спорттық жолын біртіндеп қалыптастырып келе жатқан еді", - делінген жарияланымда.

Фото: "Жас Батыр", Ақтау
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген. Салдарынан әскери қызметшілерді теңізге ағызып әкетті. Өңірлік биліктің нақтыланған мәліметі бойынша, суда 17 адам болған: 12-сі қаза тапты, үшеуі құтқарылды, тағы екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Әскери қызметшілердің қаза болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, үкіметтік комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus